jasqazaq.kz

Қазақстанда есірткі саудалаған сайт бұғатталды

01 наурыз 2019, 12:17

Қызылорда облысының прокуроратурасы ел аумағында есірткі саудалаған сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат веодомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық прокуратурада есірткі айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша құқық қорғау, арнайы органдардың және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобының нәтижесі талқыланды. Қадағалау органының үйлестіруімен жұмыс тобы жастар көп шоғырланатын жерлерде рейдтер, оқушылар мен студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын және ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстан аумағында есірткі заттарының көптеген түрін (Sativa «Y», Moroccan Caramello, Afghan, Blackberry Kush, Jack Herer, Green Crack, Diamond OG, AK-47, Sour Bubble) жарнамалап, оларды таратқан Cannabis-kz.ml сайты анықталды. Бұл сайтта есірткіні онлайн әмиянға ақша салу арқылы сатып алуға болатын. Сонымен қатар, сайтта 950 мың теңге жалақымен диллер және жеткізуші қызметкері іздестірілген. Облыстық прокуратураның ұсынуы бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігі аталған сайтты бұғаттады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда