jasqazaq.kz

Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салу ұсынылды

Бүгін, 17:02

ЖСДП фракциясының депутаты Мақсұт Насибулов Премьер-министр Олжас Бектеновке энергетикалық сусындар нарығын қатаң бақылауды ұсынды. Депутаттың айтуынша, Қазақстанда бұл сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсіп, 2025 жылы 355 миллион литрге жеткен. 2025 жылдың маусымында Павлодарда күн сайын төрт құтыға дейін энергетик ішкен 20 жастағы жігіт жүрек жеткіліксіздігімен жансақтау бөліміне түскен.
Сол жылдың желтоқсанында Алматыда күніне 8-10 құты энергетик ішкен 34 жастағы науқасқа жүрек ауыстыру операциясы жасалған. Қазақстанда 2025 жылғы қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынған. Депутат Үкіметтен осы талаптың сақталуын тексеруді, сусындардың құрамын зерттеуді және жарнамасын шектеуді сұрады. Сондай-ақ энергетиктерді өндіруге, елге әкелуге және сатуға толық тыйым салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Сурет: pixabay

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде