
Қазақстанда ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңартылды. Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Transfermarkt дерегіне сүйенсек, «Қайрат» командасы сапында ойнайтын польшалық Яцек Гуральски қымбат футболшы атанды. Оның трансфер бағасы — қазір 2,5 миллион еуро.
Екінші орында «Қайраттың» тағы бір футболшысы украиналық Адеринсола Эсеола тұр — 2,2 миллион еуро. Үшінші орынға бұрын көш бастап тұрған «Астана» ойыншысы хорватиялық Марин Томасов жайғасты. Оның трансфер бағасы 2 миллион еуроға дейін түсіп қалды.
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасындағы топ-10 қымбат футболшылар:
1. Яцек Гуральски («Қайрат», Польша) — 2,5 миллион еуро;
2. Адеринсола Эсеола («Қайрат», Украина) — 2,2 миллион еуро;
3. Марин Томасов («Астана», Хорватия) — 2 миллион еуро;
4-5. Раде Дугалич («Қайрат», Сербия) — 1,8 миллион еуро;
4-5. Дмитрий Шомко («Астана», Қазақстан) — 1,8 миллион еуро;
6-8. Дорин Ротариу («Астана», Румыния) — 1,7 миллион еуро;
6-8. Пиерос Сотириу («Астана», Кипр) — 1,7 миллион еуро;
6-8. Дино Миканович («Қайрат», Хорватия) — 1,7 миллион еуро;
9-12. Стас Покатилов («Қайрат», Қазақстан) — 1,5 миллион еуро;
9-12. Роман Муртазаев («Тобыл», Қазақстан) — 1,5 миллион еуро;
9-12. Нұралы Алип («Қайрат», Қазақстан) — 1,5 миллион еуро;
9-12. Тигран Барсегян («Астана», Армения) — 1,5 миллион еуро.
Айта кетейік, Томасов бірнеше маусымнан бері рейтинг басында тұрған. Оның трансфер құны 3,8 миллионнан екі миллионға дейін түсіп қалды.
