jasqazaq.kz

Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін

16 тамыз 2022, 16:35

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, KEGOC компаниясының бағалауы бойынша 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында электр энергиясының тапшылығы 1-1,5 млрд кВтсағ болмақ.

Мұндай жағдай жылу беру маусымында уағдаластық бойынша Қырғызстанға электр энергиясын берген кезде болуы мүмкін. Аталған келісім аясында Қырғызстан жағы еліміздің оңтүстік өңірлеріне суды тиісті көлемде жібереді.

«Алдағы қыс кезінде де электр энергиясын беру ескерілген. Тапшылық бойынша KEGOC есептеп шығарған мәліметке қарағанда, Қырғызстанға энергия жеткізу сақталса, онда тиісті тапшылық көлемін өтеу керек. Бұл тұрғыда қыс кезінде еліміздің станцияларының техникалық жағдайы маңызды болып тұр. Атап айтқанда, ел аумағын энергиямен қамтамасыз ету министрлік пен жүйелік оператордың міндеті. Барлығы электр энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілетін болады», — деді вице-министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде