jasqazaq.kz

Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

22 қараша 2022, 10:17

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98,4 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 35%-ға (72,9 млрд доллар) артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР экспортының номиналды көлемі – 63,8 млрд доллар. Бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5%-ға артық (43,3 млрд доллар).
ERI есептеулері бойынша, ҚР экспортының нақты өсімі негізгі экспорттық позициялардың бағасы жоғары болуына байланысты шамамен 2,8-3%-ды құрайды. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6%-ға, экспорттық түсімдер 63,4%-ға өсті.
Елдер бойынша экспорт:
— Италияға 84%-ға, яғни 11,2 млрд долларға;
— Қытайға 43%-ға, яғни 10,3 млрд долларға;
— Ресейге 15%-ға, яғни 5,9 млрд долларға;
— Нидерландыға 24%-ға, яғни 4,1 млрд долларға;
— Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 млрд долларға;
— Түркияға 71%-ға, яғни 3,6 млрд долларға;
— Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті.
2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 млрд доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) көп болды.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта