
Елімізде екі күн қатарынан доллар қымбаттап жатыр. Бұл туралы KASE-ке сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
29 қыркүйек, таңертеңгі сессияның қорытындысына сәйкес доллардың орташа бағамы 429,40 теңге болды. Ал кеше, 28 қыркүйекте биржада шетел валютасы 428,02 теңге болған еді.
Kurs.kz дерегі бойынша Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 430,71 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу — 429,05 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 430,60 теңгеден сатылса, сатып алу — 429,26 теңге.