jasqazaq.kz

Қазақстанда денсаулық сақтау туралы жаңа кодекс əзірленуде

27 тамыз 2018, 18:07

Қазақстанда «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа кодекс жобасы əзірлену үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз маслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мəлім етті. «Елбасы тапсырмасына сəйкес, осы жылдың басынан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа кодексті қайта әзірлеу қолға алынды», -деді денсаулық сақтау вице-министрі. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары жаңа кодексті əзірлеу барысында басты бағыттар ретінде ҚР 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстанның əлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылу жəне «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспары басшылыққа алынғанын айтты. А.Цой бүгінде кодекс жобасының тұжырымдамасы дайын екенін айта келе: «Заң жобасы келесі 7 бөлімнен тұрады: жалпы ережелер, қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, білім жəне ғылым қызметі, фармацевтика қызметі жəне дəрі-дəрмек қаражатын қарастыру, адами ресурстар жүйесі жəне денсаулық сақтау саласындағы құқықтық аспектілер»,-деді. Спикердің айтуынша, əзірлену үстіндегі заңнама ұзақмерзімді, тиімді жəне денсаулық сақтау моделіне толықтай жауап береді. «Жаңа кодекстің мақсаты — қолданыстағы заңнаманы негізге ала отырып, қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту, медициналық білім беру жүйесін жетілдіру жəне цифрлы жүйеге көше отырып сапалы қызмет көрсету», — деді вице-министр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді