jasqazaq.kz

Қазақстанда дәрі-дәрмекті жарнамалауға тыйым салынады

13 қазан 2018, 16:06

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов “Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” Кодексіне қатысты жобаның Концепциясы туралы пікірін білдірді. Бұл туралы ҚазAқпарат хабарлайды.

“Донорлық органдарды жарнамалауға тыйым салынады. Мұнда жаңа жобада тыйым салынатын нормаларды қарастырып өткіміз келген. Біріншісі жарнамаға қатысты. ДДСҰ және басқа ұйымдар жүргізген зерттеу жұмыстары келтірілген. Сондай жарнаманы көрген адам, өз денсаулығына белгілі бір деңгейде зақым келтіріп алатындығы дәлелденген ”, — дейді Минюстте өткен брифингте Министрліктің өкілі.

Жаңа кодекстің шектемелеріне және оған сәйкес келетін “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне , денсаулық сақтау жүйесіне қатысты өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы ” деп аталатын заңды жоба бар. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі емдік құралдарды жарнамалауға тыйым салуды жоспарлап отыр.

“Жарнама адамның санасына әсер етеді. Негізінен, белгілі ережелер бар. Антибиотиктерде де солай. Оларды мөлшерден тыс көп қолдану адамға үлкен зиянын тигізеді. Екіншісі — фильмдерде темекі шегу. Жас бойынша шектеу киноның басында ғана көрсетіледі. Ал темекі шегетін көріністер ортасында немесе соңында болады, — деді спикер.

“Егер ресейлік арналарды қарасақ, олар фрагментте не көрсететінін бірден нұсқап, ескертеді. Сондықтан біз жарнамаға жауапкершілікті және оған тыйым салуды күшейтсек дейміз. Біз тиісті мемлекеттік органдармен бірге қарастырамыз. Біз мұндай жарнамалар қауіпті екенін халыққа жеткізуіміз керек”, —дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде