jasqazaq.kz

Қазақстанда биыл студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өседі

24 қантар 2022, 16:11

Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ке өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды», — деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Ал магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың стипендиясы 195 000 теңгеге дейін өседі.

Айта кетсек, 2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15 пайызға артты. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы — 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі 172 500 теңгені құрады.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді