jasqazaq.kz

Қазақстанда бір айға жететін жанар-жағармай бар

17 сәуiр 2018, 12:42


Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстанда ішкі нарықты бір ай бойы қамтамасыз ете алатын жанар-жағармай материалдары бар екенін айтты.

Tengrinews.kz  хабарлағандай,  «Өңделген мұнайдың көлемі 3,9 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9,4 пайызға артық. Алғашқы үш айда үш мұнай өңдейтін үш зауыттағы мұнай өнімдерінің көлемі 2,8 миллион тонна болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 5 пайызға артық», — деді Махамбет Досмұхамбетов үкімет отырысы барысында. Оның айтуынша, алғашқы үш айда еліміздегі мұнай өнімдері бойынша жағдай тұрақты. Сонымен қатар, энергетика бірінші вице-министрі осы жылдың алғашқы үш айында 18 миллион тонна мұнай экспортталғанын айтты. Еске сала кетейік, осыған дейін 11 сәуірде энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы арзандауы мүмкін екенін айтқан еді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық