jasqazaq.kz

Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

13 қазан 2020, 10:57

Жыл соңына дейін АИ-92-нің литрі 170-180 теңгеге дейін өсуі ықтимал. Мамандар АИ-92 бензинінің қымбаттауын акциз салығының көтерілуімен байланыстырады. 2025 жылы

Еуразиялық экономикалық одақта мұнай өнімдерінің ортақ нарығы пайда болмақ.

Ал оған дейін одақ елдерінің бағасындағы алшақтықты азайту керек. Бұл сол кезде ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін қажет екен. Қазір бізде ірі шаһарларда АИ-92-нің литрі 150 теңгеден жоғары болып тұр. АИ-92 маркалы бензин Қарағандыда 152-156 теңгенің аралығында. Түркістанда 146-149 теңгенің шамасында. Павлодар аймағында бензиннің литрі 152-154 теңгеден. Таразда 148-152 теңгеден болып тұр. Ақтөбеде бензиннің литрі 156 теңгеден сатылуда. Өскеменде де баға Ақтөбедегідей. Қостанайда АИ-92 маркалы бензин 155 теңге. Талдықорғанда 152 теңгеден. Ақтауда 156 теңге шамасында. Бір жылда елде электр энергиясының тарифі 6,6 процентке қымбаттаған. Мұны Энерджипром.КЗ сайты жариялады. Баға Батыс Қазақстанда 1 жылдың ішінде шамамен 20 процентке, елордада 15 жарым процентке, Шымкентте 10 процентке өскен. Ал Ақмола облысында электр энергиясы керісінше 0,9 процентке арзандап отыр. Жалпы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, биылғы қаңтар-тамызда елде 69,8 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл былтырғы көлемнен 0,3 процентке артық. Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары электр энергиясын көп өндірді. Осы үш өңір елде өндірілген жалпы электр энергиясының 63,2 процентін берген екен.

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық