jasqazaq.kz

Қазақстанда бензин бағасы қалай өзгереді?

04 наурыз 2019, 11:01

Ranking.kz мамандары мұнай шығару мен жанармай өндірісі динамикасын сараптап, бензин бағасының өсуін және төмендеуін есептеді.

Мамандардың мәліметінше, қаңтарда Қазақстанда мұнай өндірісі де, жанармай шығару да өскен. Мұнай өнімдерінің, әсіресе дизель отынының бағасы өскен. Қысқы дизель отыны бір жыл ішінде 26,2 пайызға, бір литрі 268 теңгеге дейін қымбаттады. Ал жазғы дизель отынының бағасы 21,9 пайызға, литрі 193 теңгеге дейін өсті. АИ-98 маркалы бензиннің бағасы да бір пайызға, 191 теңгеге дейін өсті. Алайда АИ-95/96 және АИ-92 бағалары керісінше, 2,1 пайызға (174 теңгеге дейін) және 4,6 пайызға (152 теңгеге дейін) қысқарды. Елімізде қаңтар айында өндірілген мұнай көлемі, газ конденсатын қоса алғанда, сегіз миллион тонна болды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өндіріс көлемі 5,4 пайызға немесе 409,2 мың тоннаға өсті. Газ конденсатын өндіру көлемі 5,2 пайызға, 1,1 миллион тоннаға дейін төмендеді. Мұнай өндірудің өсуімен отын өндірісі де артты: бензин — жылына 31,5 пайызға, дизель отыны — 10,6 пайызға.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда