jasqazaq.kz

Қазақстанда балалардың құқығын бұзатын 1,5 мыңнан астам материал жойылды

07 наурыз 2020, 19:38

Қазақстанда әлеуметтік желілерден балалардың құқығын бұзатын 1,5 мыңнан астам материал жойылды. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бүгінгі күні елімізде ақпараттық саладағы заңнаманы дамытуға, Интернет желісін мониторингілеу тиімділігін, сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану қауіпсіздігі мәселелерінде ата-аналар мен балалардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. 2018 жылдың шілдесінен «Балаларды денсаулықтары мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы« ҚР Заңы қолданысқа енгізілген», — деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, аталған Заңның қабылдануы жастардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесін қайтадан ой елегінен өткізуге және меда-саланың балаларды тәрбиелеу ісіне теріс ықпалының алдын алу бойынша жұмыстарды жандандыруға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан туындайтын әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік берді. Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғауға бағытталған нормалар енгізілді. Заңнамамен білім беру ұйымдарына және байланыс операторларына тек «сүзгіден» өткен қауіпсіз Интернет қызметін ұсыну бойынша талап бекітілді.

«Әкімшілік құқық ұзушылық туралы кодексте аталған талаптарды сақтамағаны үшін білім беру ұйымдарының жауапкершілігі көзделген. Айталық, 2019 жылы тиісті мемлекеттік органдар Интернет кеңістікте балалардың құқығын бұзумен байланысты 6,4 мыңнан астам оқиғаны анықтады. Ескерту жұмыстарының нәтижесінде Интернет ресурстардың әкімшілері балалардың құқығын бұзумен байланысты 1,5 мыңнан астам материалды («В Контакте» — 1491, «Instagram» — 17 «Facebook» — 4) жойды», — деді Асқар Мамин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде