jasqazaq.kz

Қазақстанда балабақша бағасы қымбаттады

06 қыркүйек 2018, 15:01

Елімізде балабақшалар мен мектепге дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту орталықтары бір жылда 5%-ға қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz-ке сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, тамызда ата-аналар мектепке дейінгі мекемеге бір күн үшін орташа есеппен 823 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1%-ға жоғары. Балабақша мен дамыту орталықтары ең қымбат өңірлердің қатарында Астана (бір баруына 1862 теңге), Алматы (1666 теңге) және Шымкент (1023 теңге) қалалары бар. «Жалпы 2018 жылдың II жартысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет түрлері 84 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,2%-ға көп. Олардың 78,7%-ы бюджеттік қаражат есебінен көрсетілсе, тағы 21,1%-ы халықтың өзінің қаражатына және 0,2% жекеменшік кәсіпорындардың есебінен шыққан», — делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді