jasqazaq.kz

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту ұсынылды

03 наурыз 2021, 13:51

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Аналар мен олардың балаларына қамқорлық жасау – еліміздегі мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Жүктілік – әйел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бала көтерудің қиындығы бір бөлек те, сонымен бірге жауапты міндет. Әйел жаңа туған нәрестеге қамқорлық жасауы керек. Сондықтан декретке шығады. Ал босанғаннан кейін 1 жастан 3 жасқа дейін нәрестеге қамқорлық жасайды. Көрсетілген кезең бойы ол жұмыс істей алмайды. Үш жасқа дейін балалар үнемі бақылауды қажет етеді. Сонымен қатар осы кезеңде ата-аналар ең үлкен қаржылық шығындарға тап болады. Өйткені қазіргі уақытта толыққанды отбасында тек әкесі ғана жұмыс істейді», — деп тоқталды депутат Айжан Сқақова Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында. «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы өкілдерінің атап өтуінше, мемлекет тарапынан бала тууды ынталандыруға, сонымен қатар дені сау жас ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасауға екпін қойылуы керек. Сондықтан материалдық қолдау назарға алынады. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Республикасында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлем ол бір жасқа толғанға дейін ғана қолданылады, ал жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем табысты жоғалтуға байланысты жұмыс істейтін әйелдерге ғана есептелген. Жоғарыда келтірілген фактілерді ескере отырып, А. Сқақова мыналарды ұсынды:

— Ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту;

— Ақылы декреттік демалыс кезеңін 1 жастан 2 жасқа дейін арттыру, өйткені бұл баланы мектепке дейінгі мекемеге қабылдаудың оңтайлы жасы;

— Баланың толыққанды дамуы үшін барлық аспектілерді, оның ішінде тамақ өнімдерін, гигиена құралдарын және даму орталықтарына кіру мүмкіндігін ескеретін жеке объективті балалар тұтыну себетін әзірлеу.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия