jasqazaq.kz

Қазақстанда азық-түлік импортының жаңа рекорды тіркелді

05 сәуiр 2022, 16:57

Қазақстанда азық-түлік импортының жаңа рекорды тіркелді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы жылы импорт бойынша антирекорд тіркелді. Статистиканың қорытынды есебі мамырға қарай дайын болады. Дегенмен, қазірдің өзінде 4,9 млрд доллардың азық-түлігінің жеткізілгенін көріп отырмыз. Әрине, сыртқы факторларға осылай тәуелді болған кезде «болашақта өзімізді азық-түлікпен қалай қамтамасыз етеміз, немен қоректенеміз?» деген сауал өткір бола түседі», — деді ол. Оның атап өтуінше, өткен жылы елімізге әкелінген азық-түлік өнімдердің жартысынан көбі Ресейге тиесілі. Тек қана 300 млн долларға конфет пен печенье, 200 млн долларға қант импорттап отырмыз. Ал «Қазақстан май-тоңмай одағы» қауымдастығының президенті Константин Невзоровтың дерегінше, бүгінде елімізде тамақ секторында 2,5 мың кәсіпорын жұмыс істейді. 2021 жылы олар 2,2 трлн теңгеден астам сомаға азық-түлік өнімдерін шығарған. Осы орайда «Атамекен» ҰКП отандық азық-түлік өнімдерін өндірушілерге қолайлы жағдай жасау қажеттігін алға жартады. Оның ішінде ішкі нарықты қорғау үшін ерекше жағдай жасау, экспортты дамыту, ірі сауда желілерін отандық азық-түлік өнімдерін қолдауға жұмылдыру және ел азаматтарына қазақстандық өнімдерді таңдауды насихаттау керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде