jasqazaq.kz

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

15 қыркүйек 2020, 14:12

 Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті.

Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. «Биылғы жылдың басынан бастап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті. Негізгі өсімді қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп көрсетті. Басты себебі егістік аумағының қысқаруы. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсім барлық аймақтарда байқалады. Дегенмен тауарлардың көпшілігі бойынша ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылды.Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бес түрінде бағаның төмендеуі байқалуда. Мәселен, қырыққабақтың бағасы 21,4%-ке төмендеді», — дейді Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, жалпы өсім көрстекішін 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда екі есеге төмендеген. «Аталған өсудің 90%-ті, яғни 4,1 пайыздық пункті, елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңінде тіркелді. Бұның негізгі себептері карантиндік шаралармен байланысты азық-түлікке дүрлікпе сұраныс және логистика мен тауар тасымалдаудың өзгергені, маусымаралық кезеңдегі тапшылық болды. Сонымен қатар, биылғы жылдың мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастады. Атап айтқанда, бағалар мамырда 0,1%-ға өсті, маусым мен шілдеде өспей, тамызда тіпті -1%-ға төмендеді», — дейді министр.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде