
Қазақстанда ауыр жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі автокөліктерге қозғалысқа шектеу енгізілді.
Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары жолдарында қозғалысқа шектеу енгізіген.
«23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізіледі», — деп нақтылады ведомство өкілдері.