jasqazaq.kz

Қазақстанда астық қоры жеткілікті ме?

16 наурыз 2020, 11:06

Елде бар астық көлемі халықты қамтамасыз ету, тұқым мен жемшөп қорын қалыптастыру үшін жеткілікті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Егін жинау қорытындылары бойынша 17,4 млн тонна астық бастырылды, бұл 2018 жылдың деңгейінен 2,9 млн тоннаға немесе 14 пайызға аз. Бүгінгі күні республика бойынша қолда 10,2 млн тонна астық, оның ішінде 7,8 млн тонна бидай бар», — деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Оның сөзіне қарағанда, астықты ішкі тұтыну көлемі 1 шілдеге дейін (жаңа маркетинг жылының басы) шамамен 5,8 млн тоннаны, бидай 3,8 млн тоннаны құрайды. «Экспорттық әлеует 3,1 млн тонна астықты, оның ішінде бидай 2,7 млн тоннаны құрайды. Өтпелі қалдық шамамен 1,3 млн тоннаны қамтиды. Осылайша, елде бар астық көлемі халықты қамтамасыз ету, тұқым мен жемшөп қорын қалыптастыру үшін жеткілікті. Бұл ретте, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 604 мың тонна астық көлемінде азаймайтын қор қалыптастырды», — деді Сапархан Омаров.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі