jasqazaq.kz

Қазақстанда ALTAY — 45 қысқы дизель отыны шығарыла бастады

18 қантар 2021, 13:58

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ға қарасты Атырау МӨЗ-де минус 45˚С температураға дейін қатпайтын Altay -45 қысқы дизель отынының алғашқы партиясы өндірілді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 403 19154-38-2020 стандарты бойынша дайындалған ДТ А-К5 Altay -45 маркалы дизель отыны мұнайды терең өңдеу кешенінің Prime D 3205 дизель отынын гидротазарту қондырғысында шығарылды. Жаңа өнім K5 санатының экологиялық талаптарына сай келеді.

Күкірттің аз мөлшерде болуы және төмен температуралық қасиеттерін жақсартатын қоспалардың жоқтығының арқасында өнім арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес келеді. Атырау МӨЗ-і рекордтық қату температурасы төмен отын шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын екенін атап өткен жөн. Жаңа дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті өтеу үшін шағын көлемде өндірілді. Алдағы уақытта сұранысқа қарай Altay -45 дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылатын болады.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Атырау МӨЗ-і сол кездегі Қазақстандағы ең төмен температурадағы Khazar -38 дизель отынын өндіре бастаған еді. Осылайша, зауыт Altay -45 өндірісінің басталуымен сүзгілеудің төмен температурасымен аязға төзімді дизель өнімдері желісін шығаруды жалғастырды.

Дизель отынының жоғары сапалы төмен температуралы түрлерін өндіру АМӨЗді үш кезеңдік жаңғырту аясында салынған жаңа қондырғыларды іске қосқаннан кейін мүмкін болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия