jasqazaq.kz

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

18 сәуiр 2022, 15:54

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19, 20 және 21 сәуірдегі ауа райы болжамын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестер жылдам ауысады деп болжанған. Осылайша, ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жауын-шашын, найзағай болып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар.

«Солтүстік-батыс антициклон әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді — түнде 3 градус суық — 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады деп болжанған», — делінген хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр