jasqazaq.kz

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылынады

29 қараша 2021, 12:43

Қазгидромет мамандары алдағы үш күнде – 2021 жылдың 30 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Қазақстанда күн жылы болады деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Аязды әкелген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп кетеді», — деп атап өтті синоптиктер.

Оның орнын Қара теңіз аумағынан келетін жылы батыс циклоны басады, жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады.

Тек 2 желтоқсанда кезекті антициклон республиканың батыс өңірлеріне жылжиды, сол себепті температура аздап төмендейді: түнде 5 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз – 5 градус жылы болады. Маңғыстау облысында күн 10 градусқа дейін жылынады.

Республиканың солтүстік-шығысында және оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде