jasqazaq.kz

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

01 тамыз 2022, 13:01

Синоптиктер 2, 3 және 4 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қатты нөсерден кейін Солтүстік антициклон ықпал етеді.

«Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, аспанда бұлттар көбейеді, жаңбыр болжанады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, тіптен қатты жаңбыр жауады», — делінген хабарламада.

Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, республиканың солтүстігінде тұман күтіледі.

«Күндіз батыста +28 +33 градус, оңтүстік-батыста +33 +38 градус, солтүстік-батыста +18 +28 градус. Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +17 +28 градус, елдің оңтүстігінде болса +25 +34 градус болады. Ал оңтүстік-шығыста +30 +35 градустан +25 +30 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22 градус болады», — делінген болжамда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде