jasqazaq.kz

Қазақстанда ақылы автожолдар саны артпақ

19 шiлде 2019, 15:55

Қазақстанда алдағы 2-3 жылда ақылы жолдар санын арттырмақ. Бұл туралы «Ақылы автожолдар дирекциясы» филиалының директоры Асхат Оқасов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Филиал директорының сөзінше, алдағы 2-3 жылда ақылы автожолдар санын тағы 32 аумаққа көбейту жоспарланып отыр. Олардың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайды.

«Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүргізіліп, төлем жүргізудің ашық жүйесін енгізу ұсынылуда. Онда шлагбаумдар мен төлем жүргізу пунктілері болмайды. Төлем алдын ала төлеу әдістері арқылы жүргізіледі», — дейді Оқасов.

Айтуынша, ақылы аумақтардан түскен қаржының бәрі аумақ пен төлем жүргізу жүйесіне жұмсалады. Жолдарды ақылы етудің негізгі идеясы республикалық бюджетке түсетін салмақты жеңілдету, дейді ол.

«Яғни ақылы болған жолдарға бюджеттен қаржы қажет болмайды. Олар толығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін болады», — дейді «Ақылы автожолдар дирекциясы» филиалының директоры.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде