jasqazaq.kz

Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын ашу туралы пайым негізсіз

27 сәуiр 2018, 16:24

Соңғы күндері біршама ресейлік БАҚ пен интернет-ресурстарда Каспий теңізіндегі қазақстандық порттарды АҚШ әскери-теңіз күштері пайдаланатыны туралы және тіпті Қазақстан аумағында АҚШ-тың әскери базасы ашылатыны туралы негізсіз пайымды арқау еткен әртүрлі материалдар жарияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі хабарлайды.

«Олардың (негізсіз ақпараттардың -авт.) пайда болуына 2010 жылдың 20 маусымында қол қойылған екіжақты Қазақстандық-америкалық келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама себеп болып отырғандықтан, тілшілерге аталған құжат туралы мәліметті ұсынамыз: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімі.

Сонымен бірге, енгізілген өзгерістердің мәтінін келтіреміз:

Келісімнің 3-бабы 2-бөлігін келесі редакциямен баяндау:

«2. Арнайы жүк пен бірге баратын персоналдың коммерциялық темір жол транзиті келесі бақылау-өткізу пунктері арқылы өтуі керек:

а) Ресей Федеарциясынан/ Ресей Федеарциясына: Илецк/Жайсаң;

б) Өзбекстан Республикасынан/Өзбекстан Республикасына: Сары-Ағаш/Келес және/немесе Бейнеу/Қарақалпақстан;

в) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Ақтау порты;

г) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Құрық порты».

Жалпы, бұл жерде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға атсалысу бағытындағы барлық халықаралық бірлестіктердің күш салуы туралы айтылып отыр. Белгілі болып отырғандай, Ресей Федерациясы АҚШ-пен осындай келісім жасасып, арнайы жүктерді тасымалдауға қатысқан (ол жерде қаруландырусыз арнайы техника туралы айтылуда). Осылайша, жоғарыда аталған ресейлік БАҚ пен интернет-ресурстардың жарияланымдарын жалған жаңалықтардың қатарындағы ойдан шығарылған негізсіз ақпарат деп есептеуді сұраймыз», — делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық