jasqazaq.kz

Қазақстанда ағаш отырғызуға бюджеттен 82 млрд теңге бөлінеді

15 маусым 2021, 14:29

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарын жүзеге асыру жайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоба республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттен де қаржыландырылатын болады. Оның 22 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 60 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінеді. Тиісті техника мен жабдықты сатып алуға қаражат қажет, — деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұл ақшаға тракторлар, ағаш отырғызу машиналары, қопсытқыш құралдар сатып алынады. Көгалдандыру материалын өсіруге арналған питомниктердің аумағы ұлғайтылды.

Биылғы көктемде 21 600 гектар аумаққа 81 миллион 500 мың ағаш отырғызылды. Күзде отырғызалтын көлем 48 миллион 200 мың ағашты құрайды. Жыл сайын отырғызылатын ағаштардың саны өсіп отырады. Сонымен, келесі жылы шамамен 244 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. 2023 жылы — 411 миллион, 2024 жылы — 573 миллион, 2025 жылы — 643 миллион ағаш, — деді ол.
Министрлік бұл ақшаға сексеуіл, қарағай, үйеңкі, қарағаш және қайың ағаштарын отырғызуды жоспарлап отыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия