jasqazaq.kz

Қазақстанда АЭС салына ма?

10 маусым 2019, 14:09

Қазақстанда атом электр стансасы құрылысы мүмкіндігін зерттеу кезеңі жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынын кейін тілшілерге Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстанда атом стансасы құрылысы бойынша ешқандай шешім қабылданбағаны туралы тағы да қадап айтамын. Қазақстанда біз станса құрылысының мүмкіндігін зерттеу кезеңін атқарудамыз. Оның ішінде технологияларды өндіретін елдерден тиісті мәліметтерді сұрастырудамыз. Бұл тұрғыда техникалық сипаттамалар, баға деңгейі бойынша зерттеу жүруде», — деді Бозымбаев. Оның сөзіне қарағанда, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» компаниясы бұл мәселені пысықтағаннан кейін, оны қоғам талқысына шығару мүмкіндігі болады. «Өздеріңіз білесіздер, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге сапары барысында бұл мәселе қоғамдық пікірді ескере отырып шешілетінін айтты», — деді ведомство басшысы.

«Бұған қоса, ел халқының басым бөлігінің пікірі ескерілместен АЭС құрылысы туралы шешім қабылданбайды. Бұл бүкіл халқымыздың мүддесіне қатысты бар барынша өзекті мәселе және олардың пікірлері қаперге алынады», — деді Қ.Тоқаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда