jasqazaq.kz

Қазақстанда адамға тиісу әрекетін қылмыс деп тануы мүмкін

21 сәуiр 2022, 17:18

Елімізде адамға тиісу, еркінен тыс мәжбүрлеу әрекеті қылмыстық іс деп танылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті. 

«Тиісу, мәжбүрлеу әрекетіне қатысы мәселе әлі де ашық. Бүгінде халықаралық заңнамалар зерделену үстінде. Оның біздің заңдарға қаншалықты сәйкес келетіндігі қаралып жатыр. Яғни тиісу, мәжбүрлеу әрекетіне қылмыстық жауапкершілік енгізу керек пе? Негізінде аталған жайт заңда қарастырылған, тек сәл басқаша рәсімделген. Жалпы қылмыстық кодекске енгізу жағдайды қаншалықты ақтайды? Осы төңіректе талқылаулар жүріп жатыр. Оған сала сарапшылары, психологтар мен заң саласы мамандары тартылуда», — деді Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ІІМ өкілі зорлауға қатысты жазаның қатаңдатылғанын айтты.

«Зорлық жасаушының жазасы ауыр. Қазір осы қылмыс бойынша татуластыру деген түсінік жоқ. Әсерісе балаларға қатысты жағдай болса. Балаларға зорлық көрсеткендер қатаң жазаланып, айыбы кешірілмейді және қылмыскер мерзімінен бұрын босатылмайды. Ал жәбір көруші жақ полиция қызметкерлерінің қамқорында болады. Керек жағдайда өмір бойы», — дейді ол.

 

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр