jasqazaq.kz

Қазақстанда адам ағзаларын саудалайтын сайт анықталды

04 қазан 2017, 11:46

Қазақстандық прокурорлар адам ағзаларын сату-сатып алуға қатысты хабарландыруларды орналастырумен айналысатын сайтты анықтады, деп хабарлайды caravan.kz сайты Казинформ парталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасынан мәлім еткендей, адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сату-сатып алу жөніндегі хабарламалар орналастырып отырған сайт — шетелдік бұқаралық ақпарат құралы. Бірақ оған Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы Интернет-пайдаланушылардың қолжетімдігі бар.
Айта кетейік, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 169-бабының 3-тармағына сәйкес, адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сату-сатып алуға тыйым салынады. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабына сәйкес, тірі адамның ағзалары мен тiндерiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Осыған орай, БҚО Тасқала аудандық сотының шешімімен аудан прокурорының өтініші қаңағаттандырылып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін, ҚР-дың барлық аумағында таралған сайт заңсыз деп танылып, оның ел аумағында таралуы тоқтатылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде