jasqazaq.kz

Қазақстанда «7-20-25» орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ 

05 шiлде 2022, 12:03

Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен ипотеканың жаңа түрі іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев айтты.

«Зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы «7-20-25» бағдарламасының аяқталуына байланысты 500 млрд теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныстың төмен болуы болжануда.Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін.Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақсатында халық үшін Екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады», — деді ол Үкімет отырысында.

Айтуынша, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылып отыр.

Ол ұсыныстар мынадай:

— бастапқы жарна 20 пайыздан басталатын;

— кредит беру мерзімі 20 жылға дейін болатын;

— қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге дейін жететін;

— төлем қабілеттілігін міндетті түрде растауды қажет ететін ипотеканы іске қосу ұсынылуда.

«Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидияланады. Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады. Осы бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Қаржы министрлігінің қарауында. Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын»,-деді Қанат Шалапаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр