jasqazaq.kz

Қазақстанда 570 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған

21 маусым 2021, 14:23

2020 жылы бюджеттен бөлінген қаржының 570 миллиард теңгесі тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бюджетті қолданудыдың тиімділігі. Әлі күнге бюджетті иемденуге деген бақталастық бар, мұның сұралымы да көп. Ал сананы нәтижеге бағыттау әзірге орындалып жатқан жоқ. 2020 жылы бөлінген бюджет қаражатының 570 миллиард теңгесі тиімсіз қолданылған. Мұнда республика бюджетіне қайтарылған қаражат пен бақылау шотынан артылып қалғаны да кіреді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар анықтаған заңбұзушылықтар, соның ішінде дағдарысқа қарсы қорды жұмсау да бар», — деді Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның сөзінше, бұл қаржы пандемия зардаптарын жеңілдетуге дер кезінде жұмсалмаған. Сол себепті Есеп комитеті мемлекеттік қорды дұрыс қолданылмауына жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру жұмысын жалғастыру маңызды деп санайды. Ведомство аталмыш жұмысты былтыр, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгеріс енгізу кезінде бастаған еді.

«Қаржыны қолдану және алынған нәтиженің сапасын қайта қарастыру мәселесі бұрын пайда болған», — деп қосты Наталья Годунова.

Бұдан бөлек, Годунова Қазақстанға сырттан қарыз алу және оны ұтымсыз пайдалануға дербес жауапкершілік енгізу қажет екенін айтты. Басшының сөзінше, мұнай-газ саласына тәуелділік төлем балансы мен ұлттық валютаның тұрақсыздығына әсер етсе, өсіп жатқан мемлекеттік қарыздар елдегі макроэкономикалық тұрақтылық үшін қатер туғызып отыр.

Бұған дейін Есеп комитеті Қазақстандағы дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген қаржыдан 355 миллиард теңгеге заңбұзушылық анықтағанын хабаралаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия