jasqazaq.kz

Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі

30 қараша 2021, 10:55

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов үкімет отырысында 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирустың «омикрон» штамына байланысты ел билігі карантиндік шараларды күшейтеді.

Оның айтуынша, коронавирустың жаңа «омикрон» штамының пайда болғаны ескеріліп, оның республика аумағында таралуына жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда осы жылдың 3 желтоқсанынан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған:

Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Оңтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;
«омикрон» штамы табылған елдерден келетін адамдар үшін вакцина алған-алмағанына қарамастан міндетті ПТР тестілеу енгізу. Олар: Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет.
«омикрон» тіркелген елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшаулануға тиіс.
Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитет департаменттері шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақытылы беріп, ал әкімдіктер оларды емхана деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде