jasqazaq.kz

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген

20 шiлде 2022, 10:52

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 миллион гектар бос және 3 миллион гектар заңсыз берілген жайылымды анықтады, олардың 5 миллион гектары мемлекетке қайтарылып, 4 миллион гектары айналымға тартылды.

«Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді», — делінген хабарламада.

Бүгінде елімізде шамамен 15 миллион гектар қоғамдық жайылым жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады.

«Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 миллион гектар қайтару жоспарланып жатыр. Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді», — деді ведосмство баспасөз қызметіндегілер.

Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр