jasqazaq.kz

Қазақстанда 2021 жылы коммуналдық тарифтер өсе ме?

25 қараша 2020, 13:43


Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев 2021 жылы коммуналдық тарифтер биылғы деңгейде сақталатынын мәлім етті.
«Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының 2021 жылы тарифтерді сақтап қалуға қатысты тапсырмасы бар. Аймақтық бөлімшелердің бәрі аталмыш бағытта ауқымды жұмыс жүргізуде. Табиғи монополиялар тарапынан жаңа тарифтерді бекіту туралы 143 өтінім қарауымызда жатыр. Өтінім бойынша берілген өсім деңгейі баршылық», — деді Асан Дарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Комитет басшысы бұл өтінімдер қаралатынын жеткізді. «Бұған дейін айтып өткенімдей, бізде тариф өзгерісінің орынды болуын реттейтін нақты ережелер бар. Олар – инвестициялық бағдарламардың тартымдылығы, тарифтік сметаларды түзету туралы ережелер. Осының бәрі бізге 2021 жылы халық үшін тарифтерді 2020 жылғы деңгейде сақтауға көмектеседі», — деді комитет төрағасы.

 ҚазАқпарат 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия