jasqazaq.kz

Қазақстанда 200-ге жуық запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

01 наурыз 2022, 17:31

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құжат ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсында жарияланған.

Қаулыға сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге шақырылады.

Қаулыға жалғанған қосымшада көрсетілгендей, әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлер саны: Қарулы Күштерге — 150, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне — 40. Қаулы 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес қабылданған.

Алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр