jasqazaq.kz

Қазақстанда 20 жыл құлдықта болдым деген Ресей азаматы отанына оралды

18 қараша 2021, 16:00

Бір күн бұрын Қарағанды облысындағы шаруа қожалығында құлдықта болып келгені туралы айтып резонансты видео түсірген Алексей Котовтың қазіргі таңда қайда екені анықталды. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі азаматтың Мәскеуге ұшып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бүгін таңертең Ресей азаматы Алексей Котов Аэрофлот ұшағымен Мәскеуге ұшып кетті. Оның отанына оралуын Ресейдің Қазақстандағы елшілігі толығымен ұйымдастырды. Алексей Котовқа және оның отбасы мен туыстарына денсаулық пен амандық тілейміз», — делінген дипломатиялық департамент таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында Қарағанды облысы бойынша департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысы Шет ауданындағы Мұхтар қыстағында ер адамның заңсыз ұсталып жатқаны туралы хабарлаған видеоны анықтаған болатын.

Жазбадағы ер адамның сөзінше, ол 20 жыл тұтқында болған және ата-анасынан көмек қолын созуды сұраған.

Кейінірек Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Алексей Котовты Нұр-Сұлтанға апарып, сол жерден үйіне жөнелтетінін хабарлаған.

Біраз уақыттан соң Қарағанды облысының полиция департаменті Қазақстанда 20 жыл құлдықта болғанын мәлімдеген ресейлік Алексей Котовтың өз мәлімдемесінен бас тартқанын айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде