jasqazaq.kz

Қазақстанда 2 мың әскери адам коронавирус жұқтырды

22 желтоқсан 2020, 13:53

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда екі мыңнан астам әскери қызметкер коронавирусты жұқтырды. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

«Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, коронавирус еліміздің қарулы күштерін аяған жоқ. Пандемия басталғаннан бері екі мыңнан астам әскер инфекция жұқтырды. Олардың 100-ге жуығы қазір емделуде, қалғандары сауығып кетті. Өкінішке орай, бірнеше адам көз жұмды», — деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ онлайн брифингінде.

Коронавирустан елімізде 10 әскери адам көз жұмған.

«Оның бесеуі әскери қызметкерлер, бесеуі мемлекеттік қызметкерлер. Олардың бесеуі коронавирустық инфекциядан, бесеуі өкпе қабынуынан. Егер Қарулы Күштердегі жағдайлардың жалпы саны 2200 болса, әскерге шақырылушылардың саны бірнеше жүзге жуықтайды. Олардың 80 пайызы симптомсыз, 20 пайызында белгілер байқалған», — деп қосты ол.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия