jasqazaq.kz

Қазақстанда 180 күннен кейін жанармай бағасы қымбаттай ма?

03 ақпан 2022, 13:08

Биыл жоспар бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде автобензин ˗ 4 985 мың тонна, дизель отыны – 5 133 мың тонна, авиаотын – 686,7 мың тонна.

Бұл туралы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

«Биыл 2 ақпандағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қалдықтары 315,4 мың тоннаны құрайды. АИ-92 маркалы бензин қоры 299,2 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ Энергетика министрінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары 180 күнге мына деңгейде белгіленген: АИ-92 маркалы бензиніне – литріне 182 теңге, АИ-93 маркалы бензиніне – литріне 182 теңге, АИ-95 маркалы бензиніне – литріне 215 теңге, дизель отынының бағасы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 260 теңге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында – литріне 230 теңге», — дейді министр.

Оның айтуынша, 180 күннен кейін мұнай өнімдеріне баға белгілеу бойынша министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қосымша шаралар әзірлеп жатыр, ол кейінірек хабарланады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде