jasqazaq.kz

Қазақстанда 11 мыңнан астам адамға іздеу салынған

21 қантар 2020, 16:00

Қазіргі уақытта 11 133 адам іздеуде жүр, олардың 2 247-і – хабарсыз кеткен.Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Қазақстанда іздеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік күзет және жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізеді. Барлық іздестіру істерін тіркеуді, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық деректер қорымен өзара іс-қимылды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады», — деп атап өткен Комитеттің Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

«Із-түзсіз жоғалғандардың басым көпшілігі Алматы қаласында (328), Алматы (308), ШҚО (221) және Қарағанды облыстарында (221). Олардың ішінде көбінесе 30 бен 49 жас аралығындағы ер адамдар (76%) әртүрлі себептермен жоғалған. 1723-і — үйлерінен шығып кетіп оралмаған, 74-і — автокөліктерімен, 36-сы — жұмыстан шығып, келмеген. Сондай-ақ, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адам іздестірілуде. Жекелей алғанда олардың ішінде алаяқтық (451), ұрлық (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматыда — 463, Алматы облысында — 245 және Шығыс Қазақстан облыстарында — 203 адамға іздеу салынған. Олардың арасындағы 89%-ы негізінен 31 мен 40 жастағы ер адамдар», — деп түсініктеме берген Комитетте.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық