jasqazaq.kz

Қазақстанда 10 жыл ішінде нәресте өлімі екі есе азайды

16 қараша 2019, 20:05

Нұр-Сұлтандағы MEGA Silk Way-де шала туған балалардың халықаралық күніне орай World Prematurity Day көрмесі өтіп жатыр. Көрме 23 қарашаға дейін болады.Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Көрмеге неонатологтардың, медбикелердің және «28 петель» қоғамдық қорының мүшелерінің жұмысын арқау еткен, сондай-ақ салмағы 500 грамм болып туған балалардың фотосуреттері қойылған.

Фотокөрме Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, Қазақстан неонатологтары конгресі, Penal Reform International мен «28 петель» қоғамдық қорының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның, фотограф Салауат Нұрғожаевтың қолдауымен өткізіліп отыр.

Іс-шараның ашылуында көрме қонақтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова қарсы алды. Ол Қазақстанда 2013 жылдан бастап шала туған балалар Халықаралық күні аталып өтетінін жеткізді.

«Біздің неонатолог-дәрігерлердің біліктілігі мен отандық орталықтарды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етудің арқасында балаларды оңалту жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Балалардың күтім-қабілеті артып, перзентханадан бейімделіп шығады», — дейді денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

Сондай-ақ, Ботагөз Жақселекова Қазақстан үшін маңызды факторды атап өтті. Оның айтуынша, 2008 жылдан бастап ДДСҰ талабына сәйкес, сәби өмір сүріп кете алатын нәрестелер салмағының ең төменгі мөлшері 1500-ден 500 граммға дейін төмендеген. 22-ші аптада өмірге келіп үлгеретін балаларға тәулік бойы күтім жасалады.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің сөзінше, мемлекет барлық перзентханаларда босану кезіндегі сыни кезеңнен аман өтуге көмектесетін катамнестикалық бөлмелерді ашуға күш салып жатыр. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай балаларға арналған медициналық қызметті қаржыландыру мөлшері үш есе артады. Сонымен қатар, оның сөзіне құлақ ассақ, дене салмағы өте төмен балалардың анасына да психологиялық көмек көрсетіледі.

«Біздің еліміз жаңа туған сәбилердің өлімін азайтуға және алдын алуға тырысады. Үстіміздегі жылдың 10 айында елімізде 337 мың нәресте дүниеге келді. Оның 1428-сі — дене салмағы бойынша шала туған балалар. 10 жыл ішінде нәресте өлімі екі есе төмендеді — 1000 тірі туылған сәбиге шаққанда 8,2 деңгейге жетті», — деп атап өтті Ботагөз Жақселекова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда