jasqazaq.kz

Қазақстан жоғары лауазымды тұлғалардың ақшасын тексеретін заң қабылдағалы жатыр

21 мамыр 2021, 11:30

Қаржы мониторинг агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын жасады.

Заң жобасын әзірлеу қажеттілігі біздің еліміз 2021 жылы Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Қазақстан Республикасын өзара бағалауының екінші кезеңіне өтуі үшін дайындығынан туындады, делінген құжатта.
Тұжырымдаманы әзірлеушілердің айтуынша, заң жобасына енгізілген түзетулер ел алдындағы жоғары лауазымды тұлғаларға тиісті тексеру шараларын белгілеуге бағытталған (ФАТФ-тың 12-ұсынымы).

Ел алдындағы жоғары лауазымды тұлғаларға саяси функциялар сеніп тапсырылған адамдар жатады, мысалы, мемлекет немесе үкімет басшылары, саясаткерлер, жоғары үкімет, сот немесе әскери шенеуніктер, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың жетекші басшылары, квазимемлекеттік сектордың басшылары және саяси партиялар.

Осы FATF ережелеріне сәйкес, Қазақстан қандай елге жататынына қарамастан барлық лауазымды тұлғаларға қатысты қаржылық мониторинг жүргізуі керек, делінген есептің соңында.
Заң жобасының тұжырымдамасы «Ашық НҚА» сайтында 4 маусымға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия