jasqazaq.kz

Қазақстан Жазушылар одағына жаңа төраға сайланды

12 наурыз 2018, 15:39


Бүгін Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының XV құрылтайы өтті. Одақ төрағасы болып белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдаулет сайланды.

Сайлауға Ұлықбек Есдаулеттың өзі ғана түскен. Ал төрағаның орынбасарлары болып Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек, Мереке Құлкенов пен Бауыржан Жақып тағайындалды.
Одақ төрағасын сайлау баяндамашылардың кезінде бірқалыпты үрдіспен өтіп жатты. Қаламгерлер қауымын осы күнге дейін басқарып келген Нұрлан Оразалин «22 жыл отырдым. Барымды салдым. Әдебиеттің ыстығына да, суығына да көндім. Айтыс, тартысының, жамандығы мен жақсылығының айналасында жүрдім. Осы жылдары қызметтес болған үлкенге де, кішіге де, жасыңа да, кәріңе де көп рақмет! Мен биылға сайлауға түспейтінімді мәлімдеймін» — деді. Тыныштық жарыссөздің кезінде бұзылды.

Сонымен, жарыссөз кезінде сөз алған Қабдеш Жұмаділов Нұрлан Оразалинге қатты шүйлікті. Сәбит Досанов пен Тұрысбек Сәукетаевты да «нысанаға» алды. «Өткен жолғы пленумда басшылық қызметтен кетемін» деген Оразалин әлі отыр. Мұның артында қандай ойын бар?» — деп тоқтады. Халық жазушысынан кейінгі сөз ақын Мұхтар Шахановқа берілді. Ол одақтың бұрынғы басшысы Нұрлан Оразалиннің жеке басына тиетін анайы «теңеу» айтып: «Ұлттық мүдде үшін үнсіз қалған жазушының ешқайсысы жазушы емес» — деп соқты. Төрағаны сайлаудың алдында 800 жазушының арасынан 165 басқарма мүшесін бекітіп алу қажет болды. Бұл тіпті қиын дүние болып шықты. Жарғы бойынша 800 қаламгерден басқарма мүшесіне 80 жазушы ғана бекітілуге тиіс екен. Алайда айтыс-тартыспен 165 жазушы басқарма мүшесі болып сайланды. Ары қарай төрағаны сайлау соларға тапсырылды. Сөйтіп, 4-5 сағатқа созылған сайлаудың қортындысын сол 165 адам шығарды. Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып өзін өзі ұсынған, жалғыз үміткер Ұлықбек Есдәулет сайланды.

Сайлаудан кейін, бір-бірімен сағынысып көріскен қаламгер қауым ұзақ уақыт қоштасты.

Жарас Шөке

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде