jasqazaq.kz

Қазақстан Вашингтон сотының үкіміне шағым түсіреді

27 наурыз 2018, 10:53

2018 жылғы 23 наурызда АҚШ-тың Вашингтон Округтік соты Статидің Төрелік шешімді мәжбүрлі түрде орындау туралы өтініші бойынша шешім шығарды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Әділет министрілігі сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстан Республикасы округтік соттың шешімін құрметтейді, алайда Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес республикаға өзін қорғау шегіне барлық дәлелдерді ұсыну мүмкіндігін беруден бас тарту бөлігінде, сонымен қатар Төрелік шешімді тану бөлігінде онымен келіспейді. Қазақстан Республикасының мәлімдеуінше, Төрелік шешім кең ауқымды алаяқтық тәсімі арқылы алынды. Мұндай алаяқтық Төрелік шешімнің АҚШ-тың аумағында танылуына жол бермейді.

Ұлыбританиядағы ұқсас сот процесінде Англияның Жоғары соты кеңінен дәлелдер ұсынылғаннан кейін Статидің тарапынан орын алған алаяқтық туралы айтарлықтай сенерлік дәлелдемелердің бар екендігін мойындап, осы мәселе бойынша бөлек сот талқылауын тағайындады. Өкінішке орай, АҚШ округтік соты Қазақстан Республикасына өзін қорғау үшін алаяқтық туралы аталған дәлелдемені ұсынуына мүмкіндік бермеді. Қазақстан Республикасы бұл шешімге шағым білдіріп, өзінің заңды құқықтарын қорғамақшы.

Алаяқтық фактілеріне орай, Қазақстан Республикасы Вашингтонның округтік сотында талапкерлерге қарсы АҚШ-тың Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңына сәйкес бөлек сот процесіне бастама жасады. Сот процесі жалғасуда. Қазіргі уақытта қарастырылып отырған шешімнің тек Вашингтонның аумағында күші бар екенін атап өткен жөн. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы мүлкі есебінен өндіріп алу үшін АҚШ-тың Мемлекеттердің иммунитеті туралы заңына сәйкес Стати белгілі бір мүліктің егеменді иммунитетке ие емес екенін дәлелдеуі тиіс», — делінген хабарламада.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды