jasqazaq.kz

Қазақстан түрмелерінде «электронды дүкен» енгізілді

19 қазан 2020, 14:02

Қазақстан түрмелерінде «электронды дүкен» енгізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, ҚАЖ жүйесін дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттар аясында сотталғандардың құқықтық және ұстау жағдайын жақсартуға, цифрландыруға және жүйенің ашықтығына бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр.

«Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың электронды түрде шағым жолдау құқығы енгізілді. Іс жүзінде әрбір мекемеге прокуратураға, одан ары сотқа және жемқорлыққа қарсы қызметке шағым жасау үшін электронды терминалдар орнатылады. Жаңа технолониялардан рұқсат берілген тамақ, киім, кітап секілді түрлі тауарлар мен заттарға тапсырыс беру үшін «электронды дүкен» технологиясы енгізілуде», — деді ол.

Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, сотталушылар мен олардың туыстарының бейнекездесулері де ұйымдастырылып отыр. Мекемелердегі бейнекездесулер карантин кезінде өз тиімділігін көрсетті Олардың саны 33 мыңға жетті.

«Өз кезегінде, Ішкі істер министрінің тапсырмасымен бейнебайланыс арқылы кездесулердің және сотталғандарға жолданатын сауқаттардың саны 14-тен 20 келіге дейін ұлғайғанын атап өткім келеді», — дейді Жанат Ешмағамбетов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия