Әлеуметтік желіде Қазақстанның туын ЛГБТ жалауына айналдырған Олег Иванов есімді гей жігіттің суреті қызу талқыға түсуде. Швецияға қоныс аударған қазақстандық азаматтың суретін Жан Король есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында жариялады.
«Мемлекеттік рәмізді өзінің жеке қажеттілігіне пайдалану барып тұрған бассыздық», — дейді Жан өз жазбасындща.
Бұл сурет желі қолданушыларының да ашуын келтірген.
«Өзінің кімді ұнататыны өз шешімі. Ал елдің туын пайдаланып не керек?», «Балконға ту жайғаны үшін айыппұл төлетеді. Мынау қалай бостандықта жүр», «Жазалау керек», — деді бұл суретке наразылығын білдірген оқырмандар.
Айта кетейік, еліміздің туын пайдаланған гей-парад 2017 жылы Стокгольм қаласында өткен.
https://www.facebook.com/photo.php?fbid=427228331137354&set=a.114356422424548&type=3&theater