jasqazaq.kz

Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында тұр

19 қазан 2020, 12:49

Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында тұр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды.

«Сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте» Қазақстан 100-орында тұр. Осыдан 18 жыл бұрын еліміздің АҚШ және Ресейден кейін үштікке кірген еді»,- деді Жанат Ешмағамбетов.

Сонымен қатар ол жазасын өтеушілерді түзеудегі бірден-бір құрал – жұмыспен қамту екенін атап өтті. Қазір еңбекке қабілетті 14 мың адам түрмеде. Оның 11 мыңы колонияларда еңбек етіп жатыр.

«Мекемелердегі адамдарды жұмыспен қамтуда «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен қатар, 230 шағын және орта бизнес өкілдері де қызмет етеді. Олардың өзі 4 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сотталғандар кәсіпорындарда құрылыс материалдарын, ағаш, темір және пластик өнімдерін, сондай-ақ ет, сүт, нан және түрлі кондитерлік өнімдерді жасаумен айналысады. Бостандыққа шыққанда оларға қоғамға бейімделіп, жаңа өмір сүру оңайырақ болады», — дейді ведомство төрағасы.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия