jasqazaq.kz

Қазақстан сотталған 8 шетелдікті беруден бас тартты (видео)

05 қазан 2017, 15:52

Былтыр Қазақстан істі болған 8 шетелдікті өз елдеріне беруден бас тартты. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты. Өткен жылы біздің елдің сұрауы бойынша 103 азамат Қазақстанға қайтарылды. Ал дәл осындай жолмен 85 адам өзге елдерге тапсырылды.

Бүгінде Қазақстанның 55 мемлекетпен құқықтық шарты бар. Алдағы уақытта тағы бірнеше елмен шарт жасалмақ. Қазіргі уақытта 3 мыңға тарта отандасымыз шетелде сотталған. Ал 1 200-ден астам шетелдік Қазақстанда жазаларын өтеп жатыр. Бүгінгі Сенат отырысында депутаттар Қазақстан мен Сербия арасындағы шарттарды бекіту туралы заң жобаларын қабылдады. Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары: — Иордания, Бразилия, Украина, Сауд Арабиясы бар. Бұл – үлгілі шарттар. Құқықтық көмек көрсету. Әрбір елмен келіскен кезде өкілетті органдар болады. Біздің бүгінгі тақырыпта – Бас прокуратура. Әрбір елдің заңнамасына сәйкес шартты жасаймыз. Ол елде, біздің елде жасалып отырған әрекет қылмыс болып табылу керек. Тағы да басқа негіздері бар. Сол сақталғанда біз құқықтық көмекті көрсетеміз.

 

24.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде