jasqazaq.kz

«Қазақстан» шахтасындағы өртке жұмыс беруші кінәлі

18 қыркүйек 2023, 15:21

«Қазақстан» шахтасындағы 5 кенші қаза болған қайғылы оқиға жөніндегі үкіметтік комиссия тергеу нәтижесін жариялады. Сараптама қорытындысы бойынша жұмыс беруші 100 пайыз кінәлі деп танылды.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын жариялады. Белгілі болғандай, өрт тұтануына бірнеше фактор себеп болған.

«Тексеріс белгіленген талаптарға сай өтті. Комиссияның сараптамалық қорытындысы апат пен жазатайым оқиғаның негізгі себептерін анықтап берді. Біріншісі — көмір конвейеріндегі өрт механикалық энергияның жылу энергиясына ауысуынан шықты. Конвейердің кептеліп қалған ролигіндегі таспа төсемінің үйкелуіне байланысты от тұтанған. Екіншісі — «Қазақстан» шахтасының инженерлік-техникалық құрамы тарапынан бақылау өндірісінің болмауы. Сондай-ақ қауіпсіздік техникасының сақталмауы және энергия-механикалық қызметтің әлсіз бақыланатыны анықталды. Үшіншісі – қауіпсіздік талаптарын және техникалық реттеу нормаларын бұзу. Бұл дегеніміз — сәйкестік сертификатынсыз таспа төсемін пайдалану. Соңғысы жұмыс аймағының тозаңдануы мен жанғыш заттардан, тау-кен қазбаларынан ауаның газдануы шахта қызметкерлерінің өліміне әкеп соқты», — деді Сырым Шәріпханов.
Оған қоса, еңбек заңнамасы нормаларының бұзылуы және анықтау жүйесіне қызмет көрсететін мамандардың жеткіліксіздігі, басқару құрылымы өзгерген кезде оларды лауазымға тағайындағанға дейін жауапты басшыларға лауазымдық нұсқаулықтың болмағаны анықталды.

«Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жұмыс берушінің 100% кінәлі екені анықталды. Заңнаманы бұзған 28 жауапты тұлға белгілі болды», — деді министр.

JQ-Aqparat

Фото: Inbusiness.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі