jasqazaq.kz

Қазақстан Ресейдің сынақтан толық өтпеген вакцинасын сатып алады

26 тамыз 2020, 21:22

Қазақстан Ресейдің әлі сынақтан толық өтіп бітпеген коронавирусқа қарсы вакцинасын сатып алатын болды. Екпенің екі миллионнан астам данасы елге жеткізуге екі ел арасында арнайы келісім-шарт бекітілді. Оны Қазақстанға «Ресейдің тікелей инвестициялар қоры» тасымалдап бермек. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«СҚ-Фармация» алдымен екпенің екі миллионнан астам данасын сатып алады. Кейін ол 5 миллионға дейін артуы мүмкін. Айта кетейік, қауіп тобына кіретін қазақстандықтарға екпе тегін және ерікті негізде жүргізіледі. Ал вакцинаны елге әкелу мерзімі әлі белгісіз. Өйткені препарат сынақтардың барлық сатысынан өткен жоқ. Бүгінгі күні ресейлік ғалымдар вакцинаның ақтық кезеңінде 40 мың ерікті адамға салып сынап жатыр. Күзде Ресейде жаппай вакцинациялау жұмыстары басталмақ. Әлемде алғаш боп тіркелген бұл екпеге қатысты алуан пікір бар. Еуропа елдері, АҚШ дәрінің сапасына күмәнданса, британдық вирусологтар коронавирусты мутацияға айналдырады деп отыр. Ал ресми Мәскеу мұнымен келіспейді. Ал бүгін Ресейдегі Гамалея орталығы Covid-19-дан қорғайтын ұнтақ әзірлеп шықты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде