jasqazaq.kz

Қазақстан — Ресей матчының нәтижесі қайта қаралуы мүмкін бе?

25 наурыз 2019, 10:56

Қазақстан — Ресей матчының нәтижесі қайта қаралуы мүмкін, өйткені алаңға бұрын айтылмаған ойыншы шығып кетті, деп жазады «SPORTINFORM».

Матчтың 30-минутында, есеп Ресейдің басымдығымен 0:1 болып тұрғанда алаңға «Қайраттың» қорғаушысы Ян Вороговский шықты. Алайда, ресми мәлімдемеде бұл футболшының аты-жөні көрсетілмеген болатын. Мүмкін жаттықтырушылар штабы оның фамилиясын матч хаттамасына қосуды ұмытып кеткен болар. Бірақ ақиқат солай — Вороговский тізімде жоқ. «Негізі, қазақстандық тараптың осы бір ағаттығы үшін матч нәтижесі қайта қаралып, біздің команданың жеңілісі 0:3 есебімен техникалық жеңіліске жатқызылуы мүмкін», — деп жазады «SPORTINFORM». Дегенмен, Евро-2020 іріктеу кезеңінің Қазақстан мен Ресей арасындағы матчында жұмыс істеп жүрген УЕФА қызметккерлері «Спорт-Экспресс» газетіне айтқандай, бұл — техникалық қателік қана. Олар ойынға қатысатын құрама мүшелерін толтыру жүйесінде Ян Вороговскийді белгілеуді ұмытып кеткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде